Ел қорғандарына құрмет: Астанада полицейлерге пәтер кілті табысталды

Астанадағы полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2026 10:48 Сурет: ҚР ІІМ
Астанадағы полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімімен басталды.

Ішкі істер министрінің құқығымен "Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері", "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгілері, сондай-ақ "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" ведомстволық медальдары табысталды.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, грамоталар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлық — қол сағаттары тапсырылды.

Жергілікті атқарушы органның қолдауымен мереке құрметіне полиция қызметкерлері арасындағы көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды.

Құттықтау сөз сөйлеген полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ардагерлердің ерлігіне ерекше тоқталды. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш барысында соғыс жылдарының әндері мен патриоттық шығармалар шырқалды.

Концертке полиция қызметкерлері мен солистер, оның ішінде қазақстандық эстрада өкілдері қатысты. Іс-шара Отан қорғаушылардың ерлігі мен Ұлы Жеңіс қаһармандарының рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: