Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жол картасы қабылданды
ҚР Оқу-ағартау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы үш жылда мемлекет білім саласын дамытуға 12,1 триллион теңге бөлді.
"Педагог мәртебесі туралы" Заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы екі есеге, ал ғылыми дәрежесі мен сабақтан тыс қосымша жүктемелері болған жағдайда – үш есеге арттыруға мүмкіндік берілді. Әлеуметтік қолдау шараларына қарамастан, білім беру саласы ең көп жемқорланған салалардың бірі болып қалуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын ескере отырып, Оқу-ағарту министрі білім беру саласы құқықтық нормаларды күшейту және үдерістерді цифрландыру тұрғысынан үнемі жетілдіруді қажет ететінін атап өтті.
"Министрлік бухгалтерлік және кадрлық есепке алу жүйелерін Ұлттық білім беру деректер қорымен және қазынашылық жүйесімен интеграциялауды ұсынды. Бұл бюджет қаражатын аударуды бақылауды күшейтуге және қаражатты үшінші тұлғаларға аудару тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді". ҚР Оқу-ағартау министрі Ғани Бейсембаев
Оның айтуынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан қаржылық тәртіпті күшейту және қаржылық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі туралы атап өту қажет, өйткені білім беру саласындағы әрбір қызметкер адамгершілікке, парасаттылыққа, патриотизмге ие болуы және балалар мен елдің әл-ауқаты оның әрбір іс-әрекетіне байланысты екенін түсінуі тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ведомствоаралық "жол картасы" қабылданды.