Тимур Әбілмәжінов ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тимур Әбілмәжінов 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы, Л.Гумилеев атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының PhD докторы.
Еңбек жолын 2007 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК "АҚ-қа қарасты Семізбай-U" ЖШС-да жоспарлау маманы болып бастаған.
2008-2009 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы.
2009-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінде референт, сарапшы, консультан.
2014-2020 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі.
2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.