Қызылордада Ұлттық домбыра күніне орай гала-концерт өтті

Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi - қасиетті қара домбыраны дәріптеу мақсатында Сыр өңірінде көптеген iс-шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан орталықтары мен ауылдарда түрлi мәдени-көпшілік жиындар мен кештер өткiзiлуде.

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлттық домбыра күні қарсаңында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған "Күй мен күйшi" атты халық аспаптар оркестрінің күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өтті. Оның қорытындысымен Тұңғыш Президент саябағында гала-концерт ұйымдастырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өнер шеберлерін құттықтады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік кеште "Қара жорға", "Сарыарқа", "Адай" секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript