Қазақстан өңірлеріндегі шегірткенің көбею жағдайы Үкіметтің жіті бақылауында
Үкіметтің баспасөз қызметі Ақтөбе облысында 8 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жүргенін, Қостанай және Ақтөбе облыстарында шегірткелердің екі түрі, атап айтқанда италиялық прус және азиялық шегірткенің кеңінен тарағанын хабарлайды.
9 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында шегірткелерден арылтуға жоспарланған 422,9 мың гектар жердің 356 мың гектарына тиісті жұмыстар жүргізілді. Облыстың 10 ауданында (Жангелді, Амангелді, Алтынсарин, Денисов, Федоров, Сарыкөл, Қамысты, Науырзым, Қостанай, Қарабалық) және Арқалық қаласында шегірткені жою жүргізілді.
Ақтөбе облысының аумағында 9 шілдедегі жағдай бойынша 667,865 мың гектар жер, оның ішінде италиялық прусқа қарсы 646,965 мың гектар немесе жалпы өңделмек жердің 99,97%-ы, азиялық шегірткеге қарсы 20,9 мың гектар немесе жалпы өңіделмек жердің 95,5%-ы өңделген.
Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды.
- Биологиялық тиімділігі жоғары, яғни 85%-дан төмен емес, Вантекс, Тиаметрин, Карат супер, Фобос, Фипрон препараттарымен жүргізіледі. АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай және Ақтөбе облыстарының өңірлік бөлімшелерінің деректері бойынша осы препараттардың қажетті көлемі қолда бар.
- Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін Қостанай облысында 9 желдеткіші бар сепкіш, 3 ұшақ, 6 дельтаплан, 13 аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды. Ақтөбе облысында 56 арнайы сепкіш техника, оның ішінде 19 желдеткіші бар сепкіш, 19 аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ бар.
Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді. Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.
Бір күн бұрын Абай облысында зиянкестердің көбейе бастағаны тіркелген еді, тиісті іс-шараларды уақытылы жүргізудің арқасында қауіп толығымен жойылды. Атап айтқанда, Шаған ауылында 120 гектар жайылымдық жер өңделді, егістіктегі ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шеккен жоқ.
Шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары олар шамадан тыс таралған кезде, яғни егіншілік өнімдеріне қатты зиян келтіруі мүмкін кезде жүргізіледі. Өңдеу таңертең және кешкі уақытта, шегірткелер белсенді болмай, бір орында шоғырланған кезде жүзеге асырылады, бұл дәрі-дәрмектерді қолданудың тиімділігін едәуір арттырады.
Жалпы өңірлер бойынша мониторинг және тиісті іс-шаралар жалғасуда.