Жаңалықтар тізбегі
0

Қант өндірісіне болжам: Қазақстан өзін 49% қамтамасыз ете алады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, қант, қант өндірісі, қант қызылшасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 13:44 Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қант өндірісі мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл шамамен 44 мың тонна қызылша қантының және 225 мың тонна құрақ қантының өндірісі күтілуде. Осылайша, отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету деңгейі 49% – 269 мың тонна болады деп болжануда. фАуыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Қазіргі уақытта елімізде жалпы тәуліктік қуаты қант құрағы бойынша 2,4 мың тонна және қант қызылшасы бойынша 8,7 мың тонна болатын 4 қант зауыты жұмыс істейді. Бұл ретте шикізаттың жеткіліксіздігіне байланысты зауыттардың жүктемесі төмен деңгейде қалып отыр.

Қант қызылшасы түсімінің төмендеуінің негізгі себебі егіс алқаптарының қысқаруы болып отыр. Мәселен, егер кеңестік кезеңде қант қызылшасының алаңы 85 мың га болса, 2014 жылға қарай елдегі қант қызылшасының егіс алаңы 1,2 мың гектарға дейін қысқарды. Бұл қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруашылықтардың ұсақ болуына, жоғары шығындылыққа, су ресурстарының тапшылығына, суару желілерінің тозуына және басқа да факторларға байланысты. Ербол Қарашөкеев

Министрдің айтуынша, басқа дақылдармен салыстырғанда, қант қызылшасын өндіру рентабельділігінің төмендігі байқалады. Осы себепті шаруалар үшін қант қызышасына қарағанда басқа дақылдарды өсіру пайдалы.

Өзіндік құнды талдау нәтижесі субсидиясыз қант қызылшасын өндіру тиімсіз екенін, ал қант қызылшасын өндірудің рентабельділігі қолданыстағы субсидиялардың арқасында ғана қамтамасыз етілетінін көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: