DAR спортты дамытуға ақша бөлуде

DAR спортты дамытуға ақша бөлуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 15:25 Сурет: DAR компаниясы
DAR компаниясы спорт саласындағы кәсіпкерлердің ісін дамытуға арналған гранттық жобаға өтінім қабылдай бастады.

Гранттың мөлшері - 6 миллион теңгені құрап отыр және бұл қаражат спорт клубтарын ашуға немесе әрі қарай дамытуға арналған. Байқауға өтінім 2023 жылдың 26 шілдесіне дейін https://dar.io/grants сайтында қабылданады.

Гранттық қаржыландыру байқауына қатысу үшін үміткерлер тиісті құжаттарды жинақтауы керек:

● спорт бағдарламасы,

● бизнес-жоспар,

● тұруға арналмаған орынжай құжаттары,

● кәсіби спорттық профайлды растайтын құжаттар.

Сурет: DAR компаниясы

2022 жылы DAR компаниясы осы жоба аясында Ақтөбе, Қызылорда, Көкшетау, Алматы және Астана қалаларынан өтінім білдерген кәсіпкерлерді қолдап, бокс, панкратион, грепплинг, джиу-джитсу спорт түрлерін дамытуға қаржы бөлді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: