Жаңалықтар тізбегі
0

Ozon Қазақстандағы ең ірі логистикалық ХАБ құрылысын бастады

Ozon Қазақстандағы ең ірі логистикалық ХАБ құрылысын бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 16:38 Сурет: Жұмабай Мұсабеков
2023 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысының Қарасай ауданында Ozon маркетплейсінің электронды сауда саласындағы Қазақстандағы ең ірі логистикалық кешенінің құрылысы басталды.

Алматыдағы нысанның бірінші кезегінің құрылыс алаңында символикалық алғашқы тасы қаланды. Жыл бойы мұнда жалпы ауданы 42 мың шаршы метрді құрайтын Қазақстандағы ең ірі қойма кешені пайда болады.

Жаңа кешен құрылысына тартылатын инвестиция көлемі 15 млрд теңгені құрайды. Аймақта компания бизнесінің дамуына қарай Ozon нысанның екінші және үшінші кезегін іске қосуды жоспарлап отыр.

Жаңа логистикалық ХАБты іске қосу компанияға Қазақстандағы сатушылар мен сатып алушылардың маркетплейс қызметтеріне деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Алматыдағы Ozon фулфилмент орталығы тауарларды сақтауға қабылдаудан бастап сәлемдемені жасаудан және оны клиентке жіберуге дейін жергілікті сатушылардың онлайн тапсырыстарын "дайындаудың" толық циклін жүзеге асыратын болады.

"Логистикалық нысан құрылысы — біздің жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға салған инвестициямыз. Орталық ашылғаннан кейін еліміздің түрлі өңірлерінің өндірушілері маркетплейсте сатуға арналған тауарларды тезірек және арзанырақ табыстап, сонымен қатар компания ТМД аумағында жұмыс істейтін барлық елдерге Ozon күшімен жеткізе алады. Нысанның бірінші кезегінің іске қосылуы өңірде 2 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп күтеміз", – деп түсіндірді Ozon компаниясының Қазақстандағы бас директоры Мөлдір Рысалиева.
Ozon Қазақстандағы ең ірі логистикалық хаб құрылысын бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 16:38

Сурет: Жұмабай Мұсабеков

Қазақстандағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылатын Bazis компаниялар тобына кіретін Focus Logistics компаниясы Қазақстандағы Ozon ең ірі фулфилмент орталығын жүзеге асырудағы серіктесі болмақ.

"Қазақстанның негізгі қалаларында ерекше орын алатын нарықтағы жоғары сапалы қойма жайларына деген жоғары сұранысты ескере отырып, бүгінде қойма жылжымайтын мүлігі қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін коммерциялық жылжымайтын мүліктің ең тартымды сегменттерінің бірі болып табылады. Біз Focus Logistics компаниясының миссиясын Қазақстан халқының тұтыну тауарларына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету деп білеміз. Біз Ozon компаниясының Focus Logistics компаниясына осындай ауқымды жобаны жүзеге асыруды сеніп тапсырғанына қуаныштымыз, бұл Bazis компаниялар тобының жұмыс сапасы мен даму болашағына берілген жоғары баға. Әрине, біздің команда жобаның сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Focus Logistics компаниясының бас директоры Диас Ғалиев.

Ozon Қазақстанда 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Республикадағы сатып алушыларға Ozon.kz маркетплейсінің жергілікті витринасы қолжетімді, сондай-ақ екі тілдегі қолдау ұйымдастырылған. Компания өңірдегі логистикалық инфрақұрылымды дамытуға қаражат салып жатыр. Қазір компанияның логистикалық күші ретінде Алматы мен Астанада 2 фулфилмент орталық, сондай-ақ 100-ден астам тапсырыс беру орындары бар. Алматыда жаңа нысан құрылысынан басқа, компания жоспарларына осы жылдың соңына дейін тапсырыстарды табыстау мен қабылдау орындарын 1000-ға дейін кеңейту кіреді.

Ozon ТМД

Ozon — Ресейдегі көп санатты жетекші маркетплейс және ірі интернет компаниялардың бірі. Алаңшада 20-дан астам санаттағы 196 миллионнан астам өнім атауы көрсетілген: кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен денсаулыққа арналған тауарларға дейін. Ozon онлайн платформа ретінде белсенді дамып келе жатыр — алаңша сұрыптамасының 90%-дан астамын маркетплейс серіктестері құрайды. Ozon Беларусьта, Қазақстанда, Қырғызстан мен Арменияда бизнесін дамытып, өз логистикалық инфрақұрылымын құруда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: