Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да тамыз кеңесі басталды

Тамыз кеңесі, БҚО, Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 18:56 Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін дәстүрлі тамыз кеңесі-2023 басталды. Биыл тамыз кеңесінің өткізілу форматы өзгерек, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты тамыз кеңесі елдің 20 өңірін қамтып, үлкен масштабта ұйымдастырылуда. Екі күнге созылған  тамыз кеңесіне республиканың түкпір-түкіпірінен білікті педагогтер мен білім беру саласының басшылары бас қосты.  

Биыл Өрлеу, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Педагогикалық шеберлік орталығы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп мектепке дейінгі, орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін "Білім саласындағы басқару негіздері" бағыты бойынша кеңестің бірінші күнін өткізді. 4 сессияға бөлінген отырыста  "Мектепке дейінгі білім беруді басқарудағы трендтер", "Білім берудегі табысты менеджер: басқарудың басымдықтары мен моделі", "Білім беру жүйесінің жаңа парадигмасындағы кәсіби құзыреттілік және сұраныс", "Білім берудегі Менеджмент: басқару, кәсіби өсу, коммуникация, тәжірибе" атты тақырыптар қамтылды.  


Талқы, тамыз кеңесі, БҚО, Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 18:56

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Әр секциялық отырыста сараптамалық баяндамалар, мастер-кластар, кейс-сессиялар, public talk, диалог және презентациялық алаңдар және т.б. түріндегі нәтижелі пікірталастар жүргізілді. Кеңеске қатысушылар үшін арнайы көрме қойылып, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың өнері, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған №11 мектеп-лицей-интернатының директоры Аягөз Хамзина биылғы дәстүрлі тамыз кеңесінің ерекше форматта ұйымдастырылғанын  атап өтті.

"Мектеп басшыларының секциясында басқару  саласындағы құндылықтар талқылануда. Жалпы құндылықтардың бәрі мектеп табалдырығынан басталады. Осы бағытта мектеп басшылары мұғалімдермен бірлесіп, біте қайнасып жұмыс жасауы қажет. Бүгінгі кеңесте "Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, табысты ұлтқа айналдыру үшін біз не істеуіміз керек?" деген сұрақ жан-жақты талқылануда", –  деді журналистермен ой бөліскен Аягөз Орынбайқызы.


Талқы, тамыз кеңесі, БҚО, Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 18:56

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Жиын соңында өзге өңірлерден және облыстың әр аудан-ауылдарынан келген мұғалімдер үшін Орал қаласының мәдени орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды. Педагогтер тарихи-өлкетану мұражайы, Емельян Пугачевтің мұражай-үйі, Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайы, С.Исаев атындағы халықаралық эксперименттік коллекциялық бақшасы мен облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың көрікті жерлерімен танысып, ерекше әсер алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: