Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы жаңадан тағайындалды

Ерғали Бахаев, ШҚО ТЖД бастығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 18:05 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы болып Ерғали Бахаев тағайындалды, ол бұрын ҚР ТЖМ Штаб-департаментінің бастығы қызметін атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды. Ол Ерғали Бахаевты Төтенше жағдайлар жүйесінің ерекшеліктерін білетін тәжірибелі және сауатты маман ретінде сипаттады.

Ерғали Бахаев 1973 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Техникалық-құқықтық сараптама» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін «Ұлттық Ұландағы менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі. 

Азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді, қызмет жолын ҚР ТЖМ әскери бөлімі құтқару взводының командирінен бастады. Одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде қызметін жалғастырды. 2018-2020 жылдары – Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары болған.

Айта кетсек, алдында Шымкент қалалық ТЖД басшысы болып Қуанар Базарбаев тағайындалған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: