Жаңалықтар тізбегі
0

Қос өңірдің ТЖД басшылары жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, Түркістан облысы ТЖД басшысы, Жетісу облысы ТЖД басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 18:06 Сурет: gov.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев және Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Нұрлан Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Төлешев 1975 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген.

Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.

Асқар Төлешов, Түркістан облысы ТЖД бастығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 18:06

Сурет: gov.kz

Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы өрт сөндіру басшысының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, Ақтөбе қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Жетісу облысында жаңа бастықты Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Нұрлан Бекбосынов, Жетісу облысы ТЖД бастығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 18:06

Сурет: gov.kz

Нұрлан Бекбосынов 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.

Еңбек жолын Жезқазған облысы ІІБ әскерилендірілген өрт күзеті Саяқ кентінің жеке бекетінің бастығы қызметінен бастады. Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2023 жылдары Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: