Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Қостанай облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 10:43 Сурет: Instagram/qostanai_tjd
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Дамир Ермағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 9 сәуірінде өңірдің ТЖД Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

"Дамир Мақсұтұлы Қостанай облысына келгенге дейін Астана ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарды. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа қызмет орнында сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Департаменттің жаңа басшысы өзінің болашақ жоспарлары мен мақсаттары туралы мәлімдеді. Ол облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін белсенді дамытуға ниетті. Сондай-ақ, жұмыстың маңызды бағыты халықты төтенше жағдайларда қауіпсіздік және іс-қимыл негіздеріне оқыту болады", - делінген хабарламада.

Дамир Мақсұтұлы 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген. 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Жанқиярлығы үшін ІІ және І дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталған.

Құқық қорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл қызметті 2023 жылдың шілдесінен бастап Қайрат Қасым атқарған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: