Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әуе қатынасы кеңейтілетін болды

Әуе қатынасы, Қазақстан, Еуропалық одақ, келісім, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 11:35 Сурет: pixabay
Еуропалық комиссиямен арада ұшу қауіпсіздігі және әуе қатынасын кеңейту бойынша кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшілігінің қатысуымен ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ делегациясы Еуропалық Комиссияның, Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) және Еуропалық одаққа мүше елдердің (Ирландия, Кипр) авиациялық биліктерінің өкілдерімен ұшу қауіпсіздігі және Көлденең келісім мәселелері бойынша кездесу өткізді. Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР КМ Aзаматтық авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев пен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду басқарды.

"Кездесу барысында ҚР КМ Aзаматтық авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев және қазақстандық делегация мүшелері өткен жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Сараптамалық деңгейіндегі кездесу ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылық, авиация персоналын лицензиялау, сапа менеджменті жүйесі және ұшу қауіпсіздігін басқару бағыттары бойынша өткізілді". ҚР КМ ААК

Кездесу, Талғат Ластаев, әуе қатынасы, Еуропалық одақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 11:35

Сурет: ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті

Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Питер Бомбей Қазақстанның авиациялық билік орындарының ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұрын анықталған бақылаулар мен ұсынымдарды жою бойынша қабылданып жатқан шараларына оң баға беріп, жұмысты күшейту қажет бағыттарды атап өтті. Aзаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық Комиссия өкілдерімен тығыз өзара іс-қимылы Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін жалғастырылатын болады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта қазақстандық әуе компанияларға қатысты Еуропалық Одақ елдеріне тұрақты рейстерді орындауына шектеулер жоқ, осыған байланысты "Эйр Астана" және "SCAT" әуе компаниялары Еуропа елдеріне тұрақты рейстерді орындауға құқылы.

"Сондай-ақ, Еуропалық комиссия дирекциясы басшысының орынбасары Клаус Гейл мырзамен кездесу өткізіліп, оның барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Әуе қатынасы туралы көлденең келісімнің жобасы талқыланды. Тараптар келісім жобасын келісу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ілгерілеуін атап өтті және оған қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті", делінген ҚР КМ ААК хабарламасында.

Көлденең келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде туристік, мәдени, экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: