Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов: ЕАЭО аясында навигациялық пломбаларды "ауыртпалықсыз" енгізуге тиіспіз

ЕАЭО, Бішкек, Әлихан Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 19:10 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы ЕАЭО-ның сауда-экономикалық саланы дамытуда пайдаланылмай келген зор әлеуеті бар екеніне тоқталды. Алайда тың жетістіктерге жету үшін интеграцияның қазіргі қалыптасқан жағдайына шынайы баға беру қажет, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Осы мақсатта биылғы мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған міндеттемелердің орындалуын бағалауды тапсырды. Ұсынылған баяндама жобасын сапалы деңгейде пысықтау қажет деп санаймыз", — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов сауда-саттықтың ұлғаюына транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану мен дамыту ықпал ететінін атап өтті. Мәселен, қазіргі уақытта ЕАЭО аясында тауарлар айналымын бақылаудың бірқатар жаңа тетіктері, оның ішінде навигациялық пломбалар қолданылып келеді.


"Мүше мемлекеттердің аумағы бойынша барлық жүк тасымалы бақыланатын болады. Бұл ретте бизнес үшін навигациялық пломбаларды кезең-кезеңмен және барынша "ауыртпалықсыз" енгізуге тиіспіз. Комиссияға бұл жұмысты бизнестің пікірін ескере отырып жүргізуді ұсынамын", — деді Премьер-министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: