Смайылов ЕАЭО-ны ұлттық валюталардың бағамын талқылауға шақырды

Әлихан Смайылов ұлттық валютаның бағамын талқылауға шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 12:11 Сурет: Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-Министрі Чолпон-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан үкіметінің басшысы бүгінгі жағдайда Одақ елдері, ең алдымен, азық-түлік тауарларының айтарлықтай өсуіне тап болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ЕАЭО-да азық-түлік бағасы 6 айда 12,9%-ға өсті.

Бір айта кетерлігі, біздің интеграцияның қазіргі деңгейінде ұлттық валюталар өзара саудада кеңінен қолданылады. Бұл ретте біз АҚШ валютасына қатысты кросс-бағамдар арқылы анықталатын ұлттық валюталарымыз арасындағы айырбас бағамдарының елеулі бұрмалануын көріп отырмыз. Бұл біздің елдердегі сауда мен инфляциялық процестерге айтарлықтай әсер етеді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов

Әлихан Смайылов әріптестерін ұлттық валюталардың бағамын қалыптастыру мәселелерін талқылау және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысына ұсыныстар енгізу үшін орталық банктердің консультацияларын өткізуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: