Жаңалықтар тізбегі
0

Бектенов Astana Hub стартап-жобаларымен танысып, жастарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов, стартап-жобалар, Astana Hub , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 16:08 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ЭКСПО павильонында болып, Astana Hub технопаркінің цифрлық инфрақұрылымын аралады, стартап-жобалармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Astana Hub инновациялық экожүйесін аралап көрді. Хабтың негізгі міндеттері – таланттарды тарту, оқыту, бизнесті дамытуға көмек көрсету және IT-технологиялар экспортын қолдау.

Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Tech Orda бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – 2025 жылға қарай 20 мың IT маманын даярлап шығару. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам студент оқуын аяқтап, 2 мың стартап-жоба іске қосылды.

Astana Hub қатысушылары үшін қолайлы экожүйе құрылды. Қазақстанда сатылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің айналымы бойынша КТС, ЖТС және қосылған құн салығын төлеуден босатуды көздейтін арнайы салық режимі түріндегі преференциялар қолданылады. Сондай-ақ IT-компаниялар жұмыс орындарымен және серіктестік бонустармен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік қолдау шараларының барлығы оларға үнемделген қаражатты жобаларды дамыту және ілгерілету үшін қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Бүгінде Astana Hub-та өткен жылы 400 млрд теңге табыс тапқан 1400 IT-компания бар.

Сондай-ақ Үкімет басшысы оқытушының қатысуынсыз және дәріссіз 01EduSystem Француз әдістемесі бойынша өзара оқыту қағидаттарына негізделген, Орталық Азиядағы алғашқы ALEM ІТ-бағдарламалау мектебіне барды. Оқу процесі дарынды студенттердің бір-бірімен жобалары мен өзара қарым-қатынасына негізделген. Қазіргі уақытта Alem-де жергілікті және халықаралық компаниялар мен стартаптарда жұмыс істейтін 900-ден астам түлек бар.

Astana Hub, стратап-жоба, Олжас Бектенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 16:08

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр сондай-ақ Astana Hub қатысушыларымен және NU ғылыми қызметкерлерімен кездесті, жасанды интеллект саласындағы бірқатар отандық әзірлемелермен танысып, ғылыми жобаларды коммерцияландыруды арттыру және экономиканың нақты секторымен ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Alaqan стартапы – контактісіз төлем жүйесі: транзакцияларды биометрия технологиясын қолдана отырып, алақан тамырларын тану арқылы жүзеге асыруға болады. Отандық жоба 2020 жылдан бері нарықта және бүгінде үш өнімге ие: Alaqan Pay, Alaqan Mektep және Alaqan HR. Alaqan жүйесінде 100 мың белсенді пайдаланушы, айына 1,2 млн сәйкестендіру және 300 мың доллар инвестиция көлемі бар. 

Кремний алқабында акселерациядан өткен жоба Қазақстанда мектептердің бірінде сәтті қолданылуда. Әзірлеушілер стартапты елде және шетелде одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда отандық әзірлемеге Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Түркия елдері қызығушылық танытып отыр, оны 500 емханаға орнату жоспарлануда.

Astana Hub, стратап-жоба, Олжас Бектенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 16:08

Сурет: primeminister.kz

ЖИ саласындағы тағы бір жаңалық – Arlan Biotech. Стартап жасанды интеллектінің көмегімен наноденелер жасауға арналған. Жоба медицина мен фармацевтика саласы үшін маңызды жаңалық болды. Наноденелер диагностикалық тест жүйелерін құруда, сондай-ақ онкологиялық және аутоиммунды ауруларды зерттеу және емдеу процесінде қолданылады.

Сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген бейнекөріністерді жасауға және өңдеуге арналған платформа Higgsfield AI жобасы ұсынылды. Бағдарлама жеке және жекелендірілген қосымшаларға арналған. Қазіргі уақытта стартап 16 млн доллар жинап үлгерді, Pre-seed раундындағы негізгі инвестор АҚШ-тағы ең көне венчурлық қорлардың бірі Menlo Ventures болды. Higgsfield AI қазір diffuse мобильді қосымшасын ұсынады, ол мәтінді бейнекөрініске түрлендірудің арнайы моделіне негізделген. Ол алдын ала жасалған клиптер жиынтығы мен нұсқау редакторы бар жеке құралдарды қолдана отырып, басынан бастап бейнекөріністерді  жасай алады.

Сонымен қатар Премьер-министрге Car Parking Multiplayer жобасымен әлемге танымал, мобилді ойындар әзірлеу бойынша қазақстандық O’games студиясының жұмысы таныстырылды. Бүгінде ойын Азия, Еуропа және Америка елдерінде 100 млн-нан аса жүктеп алынған. Сондай-ақ Қазақстандағы Playrix мобилді ойындар әзірлеуші компанияның жобалары таныстырылды. Playrix мобилді ойындарды дамыту саласындағы әлемдік көшбасшы, компанияның өткен жылғы табысы 2,8 млрд долларды құрады.

"Президент экономиканы цифрландыру шараларын күшейтуді және жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды қамтамасыз ету міндетін нақты белгілеп берді. Мақсат – 2026 жылға қарай IT-қызметтер мен өнімдер экспортының жыл сайынғы көлемін кемінде 1 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз ету. Бүгінде бұл көрсеткіш 529 млн долларды құрайды. Еліміз цифрландыру саласында үлкен жетістікке қол жеткізді. Отандық IT мамандарымыз үздіктер қатарында және біз оларға жаңа серпінді өнімдер жасауға, IT-шешімдердің экспортын жеделдетуге көмектесуіміз керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Astana Hub, стратап-жоба, Олжас Бектенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 16:08

Сурет: primeminister.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: