Бағдат Мусин Astana Hub майнерлері туралы айтты
Сурет: Zakon.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Astana Hub майнерлерін сотқа беру неге қиын болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл компаниялар 574 қатысушының арасында тіркелген. Оның бесеуі майнинг ісімен айналысса, біреуі ғана майнигпен айналысатынын мойындады. Төртеуі деректер орталығының қызметтерін көрсететінін айтады. Егер сіз оларды сотқа берсеңіз, шыдамыңыз жетпейді, өйткені де-юре олар ақпаратты өңдеумен айналысқан. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Министр бұл саланы реттейтін «Цифрлық активтер туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болғанын атап өтті.
Біз депутаттармен жұмыс істейміз. Қазір заң жобасын Президент Әкімшілігі мақұлдап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: салық төлеп, заңды жұмыс істейтін майнерлерге тиіспеңдер деді. Бағдат Мусин
31 наурызда Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Мемлекеттік басқару және әлеуметтік сала департаментінің басшысы Ақылбай Ибраев Astana Hub жүйесінде тіркелген компаниялардың криптовалюта өндірумен айналысатынын, бұл IT технопаркінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне жатпайтынын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript