БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алина Ажғалиеваны қабылдады

Кездесу, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Алина Ажғалиева, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2024 12:25 Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин Қазақстан тарихында шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін жеңіп алған Алина Ажғалиева мен бапкерлерін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, Алина Польшаның Гданьск қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келген болатын. 

Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Басқарма басшысы Алинаны тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы қатысатын дүбірлі додаларда да топ жаруына тілегін білдірді. 

Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Кездесу соңында Алинаға сыйлық табыс етілді. 

Сурет: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ажғалиева Алина –  қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімінде 4 жылғы спорттық жетілдіру тобының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ІІ-курс студенті. 

Жетістіктері:

  • Шорт-тректен жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы;
  • 2019 жылы "Дети Азии" халықаралық ойындарында ІІІ-орын; 
  • 2023 жылы Дүниежүзілік универсиадада ІІІ-орын; 
  • 2023 жылы Әлем Кубогының кезеңінде ІІ-орын;
  • 2023 жылы Қазақстан Республикасының IV Қысқы жастар ойындарында І-орын.
  • 2024 жылы ақпанда Әлем Кубогының кезеңінде ІІІ-орын;
  • 2024 жылы Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында ІІІ-орын иеленді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: