Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 19:34 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев 1 шілдеде Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", делінген өңір әкімдігінің хабарламасында.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996 жылдан 2000 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінде оқыды. 2009-2011 жылдары Экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетін тәмамдады. 2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Кей жылдары ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының әкімі жаңадан тағайындалғаны белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: