Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшылар Қазақстанда сатылатын ресейлік ұнды бағалады

Сарапшылар Қазақстанда сатылатын ресейлік ұнды бағалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 13:49 Сурет: pxhere
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі Тараздағы дүкендердің бірінен ресейлік ұнды сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұтынушылардың тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ сатушылары (өндірушілері) туралы ақпарат алу құқығын жан-жақты зерттеп, нәтижелерін жүзеге асыра отырып, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі Биятан Жанна жасырын сатып алушы әдісімен Тараздағы дүкендердің бірінен ресейлік ұнды сатып алды.

Өкіл таза салмағы 2,0 кг, өндіруші "Промтехпродукт" ҚБ (Ресей) болып табылатын жоғарғы сұрыпты бидай ұнын сатып алғаны нақтыланды.

Ешбір дінге, мәдениетке қайшы келмейтін жалғыз өнім – ұнның пайдасы мен зияны жайында ғалымдар мен қарапайым халық өз арасында әлі күнге талқылауда.

Бірінші сұрыпты ұн – Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде алдыңғы орында тұрған өнім.

Бірақ бүгін ол жайында емес, тұтынушыларға сатылатын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, бұл орайда аккредиттелген ұйымдар арқылы өнімдерді (тауарларды) зерттеу нәтижелері жайында сенімді де объективті ақпараттарды оқырмандардың назарына ұсына отырып, жоғарғы сұрыпты бидай ұны туралы айтатын боламыз.

Ұйым тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмектесе отырып, тауарлардың сапасы мен оларды өндірушілер туралы маңызды ақпаратты беріп, осы зерттеулердің нәтижелері жайында азаматтарды хабардар етеді.

Ынтымақтастық келісімі бойынша өнім кешенді зерттеуге "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Жамбыл филиалының аккредиттелген сынақ орталығына жіберілді.

Өнім бойынша, органолептикалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесі, дәнмаңыздың (клейковина) нормадан жоғары екенін көрсетті (норма бойынша – 28%, зерттелетін үлгіде – 31%).

"Дәнмаңыздың мөлшері неғұрлым жоғары болса, оның сапасы да соғұрлым жоғары болады, бірақ мұндай ұн жақсы көтерілетін үлпілдеген нан бермейтінін есте ұстаған жөн", – деді наубайхана кондитері.
Сарапшылар Қазақстанда сатылатын ресейлік ұнды бағалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 13:49

Сурет: Жанна Биятан

Сондай-ақ нормативтік құжаттамаға – Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламентіне сәйкестігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде өнім құжаттамасында аталмыш регламент ережесін бұзушылық анықталып, төмендегідей кемшіліктер табылды:

  • пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен шектеулер жоқ;
  • тамақ өнімдері партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат жоқ.
Сарапшылар Қазақстанда сатылатын ресейлік ұнды бағалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 13:49

Сурет: Жанна Биятан

Таңбалау талаптарының бұзылуы тұтынушылардың өнім жайында дұрыс ақпарат алуына елеулі кедергі келтіреді.

"Кеден одағы 021/2011 техникалық регламентінің 40-бабы 1-тармағына сәйкес, одаққа мүше мемлекеттердің, қазіргі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға рұқсат етілмеген азық-түлік тауарларының шығарылуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауға және айналымнан алып тастауға міндетті".Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеттерінің бірі – халық тұтынатын тауарларға қатысты жүргізілген кешенді зерттеулердің нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында тарату арқылы өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Өнімді айналымға шығарған сатушы өнім қауіпсіздігі туралы қажетті, толыққанды, түсінікті, шынайы ақпаратты бермесе және тұтынушылардың дұрыс таңдау жасауын қамтамасыз ететін өнім құрамы, қасиеті және сапасын сипаттайтын басқа да мағлұматтармен қамтамасыз етпесе, сондай-ақ сәйкестік туралы декларацияны ұсынбаса ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексіне сәйкес жазалануы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері мен материалдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатысты сәйкессіздіктер анықталған өнімдер туралы, заңды бұзған өндірушілер мен сатушыларға қолданылатын шаралар жайында, сондай-ақ бұзушылықтары анықталған өнімдерге қатысты ақпараттардан хабардар болыңыз.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: