Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде орталық саябақта елімізде баламасы жоқ субұрқақ іске қосылды

Субұрқақ, Ақтөбе, орталық саябақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 14:02 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде орталық саябақта лазерлік және отты шоу сүйемелдейтін жаңа субұрқақ іске қосылды. Жұмыстарды жүргізген мамандардың айтуынша, бұл субұрқақтың елімізде баламасы жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, осы тектес субұрқақтар өзге қалаларда бар, бірақ, бірмезгілде лазерлік және отты шоу көрсететін музыкалық субұрқақ бірінші болып Ақтөбеде орнатылып отыр. 

Субұрқақ, Ақтөбе, орталық саябақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 14:02

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл - жарық шамдары, одан бөлек лазерлік және фаер-шоу түнгі мезгілде ерекше көрік беретін заманауи музыкалық субұрқақ. Биіктігі 38 метрге дейін жететін бұл субұрқақты 40-тан астам әуені бар аудиожүйе сүйемелдеп тұр. 

Субұрқақ, Ақтөбе, орталық саябақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 14:02

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жөндеу жұмыстары барысында 10 жыл бұрын пайдалануға берілген тоғанның бетон ыдысы қалпына келтірілді, гидрооқшаулау жұмыстары жасалды. Жалпы, бұл жерде фонтанға да, тоғанға да ерекше сән беретін күрделі жұмыстар орындалды. Мамандар мұны екі айға жуық уақытта аяқтап отыр. Бұл жерде лазерлік шоу және отты фаер-шоу да субұрқақпен бірге іске қосылды. Қыркүйек айының соңына дейін субұрқақ жұмысы жалғасады. Күн жылы болса қазан айында да жұмыс істейді. Мердігер қыс мезгіліне консервацияға жауып, келесі маусымда барлық жүйесін қосуды міндетіне алып отыр", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.

Ақтөбе қаласының әкімі, Азамат Бекет, субұрқақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 14:02

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Субұрқақ алдағы уақытта жұмыс күндері кәдімгі субұрқақ сияқты жұмыс істейді, кешке жарықтандырылады. Ал музыка, от және лазерлік шоу-бағдарлама сенбі және мереке күндері кешке қосылады.

"Жалпы, фонтандар бойынша қала тұрғындары тарапынан көп сын айтылып келеді. Тұрғындардың реніші орынды. Себебі, субұрқақтар қалаға көрік береді, қалалық ортаны қалыптастырады. Субұрқақтардың көпшілігінің тозығы жеткен, су ұстамайды, қосу элементтері ескірген. Жөндеу көрмегендіктен, соңғы 4-5 жылдан бері істен шығып, мәселе туғызып келді. Сондықтан, биыл бірқатарын жөндеуге кірістік, келесі маусымға дайын болуға жұмыстанып жатырмыз", - деп атап өтті қала әкімі.
Субұрқақ, Ақтөбе, орталық саябақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 14:02

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: