Байқалмайтын қауіптер: электр тауарлары мен ыдыстардағы таңбаламаның маңыздылығы
Маңғыстау облысында аккредиттелген зертханалардың жоқтығын ескере отырып, екі тауар да Астана қаласындағы аккредиттелген "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ филиалына заң талаптарына сәйкестігіне кешенді тексеруге жіберілді.
Сурет: Жанна Биятан
Үтікті сынау нәтижелері 2024 жылдың 14 тамыздағы № 3142Э хаттамасында, ал табаға қатысты деректер 2024 жылдың 27 маусымындағы № 2227Т хаттамасында тіркелді. Жағымды жаңалық ретінде айтуға болатыны – екі өнім де гигиеналық қауіпсіздік (қуырғыш таба) және оқшаулауды қорғау, техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі (үтік) стандарттарына сәйкес келеді. Егер қуырғыш табаға қатысты біз негізінен материалдар мен зиянды заттардың жоқтығы туралы айтатын болсақ, ал үтік үшін бәрі оңай болған жоқ.
Сурет: Жанна Биятан
"Үтіктерге таңбалама не үшін қажет? Оны қалай пайдалану керектігі түсінікті емес пе?"
Бұл сұрақ тұтынушылардың көпшілігі үшін орынды да. Өйткені, көптеген адамдар үтік немесе шәйнек сияқты тұрмыстық техниканың стандартты құрылымы бар деп санайды және оларды түсіну аса қиын емес. Бір қарағанда, бұл шындық. Дегенмен, кез келген жаңа құрылғы, әсіресе, құрылыс сапасына, автоматты өшіру қызметінің болуына немесе ұқсас үлгілерге кірмейтін арнайы дизайн мүмкіндіктеріне қатысты жасырын қауіптерге әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік және дұрыс пайдалану туралы нақты нұсқауларсыз, мысалы, үтікті матаның белгілі бір түрінің үстінде қосылған қалпында қалдыруға болмайтынын немесе ол белгіленген нормадан жоғары қызып кетсе, оны пайдалануға тыйым салынатынын білмейсіз. Өндіруші оны белгілі бір жағдайларда қолданбауды ұсынса ше? Бұл ақпаратты бермеу құрылғының қызып кетуіне, қысқа тұйықталуына немесе істен шығуына әкелуі мүмкін.
HALEY HY-259 AB үтігінің таңбаламасында қандай мәселелер анықталды?
- Қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың болмауы. Бұл "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің, сондай-ақ ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының талаптарын тікелей сақтамау болып табылады. Қазақстанда барлық ақпарат екі тілге де аударылуы керек, өйткені бұл пайдаланушыларға құрылғының жұмысын дұрыс түсінуге және оны қауіпсіз пайдалануға көмектеседі.
- Өндіруші елі, өндірушінің/импорттаушының мекен-жайы мен атауы, кәсіпорынның сауда белгісі туралы ақпарат жоқ, өнімнің негізгі өлшемдері көрсетілмеген: құрылғының қуаты, сипаттамалары/өлшемдері мен мақсаты, айы мен өндіру жылы, құрылғы істен шыққан жағдайда қолданылатын шаралар туралы ақпараттың болмауы.
"Дұрыс пайдалану құжаттамасы – бұл жай ғана формальдылық емес, қауіпсіздік кепілі. Егер өндіруші маңызды ақпаратты көрсетуді қажет етпесе, бұл өнімнің сапасы мен бақылаудың төмен деңгейін көрсетеді". "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Жанна Биятан
Бұл неліктен соншалықты маңызды?
Тұтынушы таңбаламасы толық емес немесе ақпараты жоқ тауарды сатып алғанда, ол өнім туралы толық ақпарат алу құқығынан айырылады, бұл пайдалануда қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, үтіктің қуатын көрсетпеу электр қуатын шамадан тыс тұтынуға әкелуі немесе матаның кейбір түрлерін үтіктей алмайтын болуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстанда техникалық реттеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпкерлерге айыппұлдар қарастырылған: кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 90 АЕК-тен (332 280 теңге) 600 АЕК-ке (2 215 200 теңге) дейінгі аралықты қамтиды.
Тұтынушылар не істеуі керек?
Тұрмыстық техника мен ас үй ыдыстарын сатып алғанда барлық ілеспе құжаттарын тексеріңіз. Егер бірдеңе жетіспесе немесе қаптамадағы ақпарат толық болмаса, сатып алудан бас тартқан дұрыс немесе сатушыдан түсініктеме сұраған дұрыс. Даулы жағдайлар туындаған жағдайда сіз әрқашан тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарға хабарласа аласыз, бұл сізге заңнаманың қыр-сырын түсінуге көмектеседі және өз құқықтарыңызды қалай қорғау керектігін айтады.
Сондықтан келесі жолы үтік немесе қуырғыш табаны таңдағанда: бағасы мен сыртқы түрі ғана емес, сонымен қатар өндіруші қаптамада және нұсқаулықта берген ақпарат та маңызды екенін есте сқтаңыз!
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.