Жаңалықтар тізбегі
0

Өнім сапасын тексеру - сатып алмас бұрын нені білу керек

Стандарт – қамқорлық танытқанда: өнім сапасын тексерудің нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 10:04 Сурет: pxhere
2024 жылдың шілде айында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілдері Өскемен қаласындағы дүкендердің бірінде жасырын сатып алу әдісін жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – сатып алынатын тауарлардың белгіленген қауіпсіздік стандарттарына және Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін тексеру. Сараптамаға таңдалған өнімдердің арасында:

  • "Морковь пикантная" салаты, салмағы 500 г;
  • Салмағы 400 г, бөлшектелмеген кәдімгі Каспий майшабағы, ащылап тұздалған "Каспийская";
  • Салмағы 2,5 кг болатын фри картоптары болды.

Тауарлар ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына:

Стандарт – қамқорлық танытқанда: өнім сапасын тексерудің нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 10:04

Сурет: Жанна Биятан

Жақсы жаңалықтан бастайық. "Каспийская" майшабағы сынақтың барлық кезеңдерінен өтті: зертхана мамандары өнімнің барлық қауіпсіздік және таңбалама стандарттарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Бұл өндірушінің барлық стандарттарды сақтай отырып, тұтынушыларға және өзінің беделіне деген құрметінің жарқын көрінісі. Қаптамадағы ақпарат анық және толық көрсетілгенде, сатып алушы өнімнің сапасына және денсаулыққа қауіп төндірмейтініне сенімді бола алады.

Құқыққорғаушы Алия Алибекова: "Өнім таңбаламасының барлық талаптарын сақтау өндірушінің өз тұтынушыларына деген қамқорлығын растайды және олардың өнім туралы толық ақпараттандырылуын қамтамасыз етеді. Бұл ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңын сақтау ғана емес, тұтынушыға деген қамқорлық және брендке деген сенім".

Дегенмен, барлық өнімдер мұндай сәйкестік деңгейін көрсете бермейді.

Ащы сәбіз қаптамасында қазақ тіліндегі ақпарат жоқ

"Морковь пикантная" салатынан таңбаламаның бұзылуы анықталды – қаптамада қазақ тіліндегі өнім атауы болмаған. Бұл көзге ілмеуге тұратын ұсақ-түйек болып көрінгенімен, бірақ тұтынушы үшін, әсіресе, көптілді елде, бұл заңды бұзу саналы сатып алу туралы шешімді қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін.

Стандарт – қамқорлық танытқанда: өнім сапасын тексерудің нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 10:04

Сурет: Жанна Биятан

ҚР заңнамасына сәйкес, өнім туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Ақпараттың екі тілдің бірінде болмауы – тұтынушылардың құқықтарын бұзып, брендтің беделіне теріс әсер етуі мүмкін.

Француз картоптары: таңбалама және қаптама мәселелері

Фри картоптарынан көптеген сәйкессіздіктер анықталды: қаптамада орыс және қазақ тілдерінде өндірушінің атауы мен орналасқан жеріне, өнімнің тағамдық құндылығына қатысты ақпараттар көсретілмеген. Сондай-ақ, қаптаманың тағаммен жанасуға жарамдылығын және оны кәдеге жарату мүмкіндігін көрсететін белгілер де болған жоқ.

"Тұтынушы өнімнің қайдан келетінін, оның құрамына қандай компоненттер кіретінін және оны қалай дұрыс сақтау керектігін білуі керек. Стандарттарға сәйкес келмейтін қаптама оның қауіпсіздігіне қатысты күмән тудыруы мүмкін, өйткені, тағаммен жанасу үшін қаптаманың мақсаттылығы жөніндегі ақпарат міндетті болып табылады. Бұл өнімге деген сенімді азайтып, тұтынушы көкейінде "сатып алуға тұрарлық па?" деген сұрақты тудырады", – деп жалғастырады сөзін Алия Расбекқызы.
Стандарт – қамқорлық танытқанда: өнім сапасын тексерудің нәтижесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 10:04

Сурет: Жанна Биятан

Бұл тексерулер, егер өндіруші өз тұтынушыларына шынымен қамқорлық жасаса, белгіленген қауіпсіздік және таңбалама стандарттарын сақтау аса қиын емес екенін аңғартады. "Каспийская" майшабағы талаптарға толық сәйкестікке қолжеткізу мүмкін екенін, сонымен қатар, өндіруші үшін бұл өте тиімді екенін де көрсетеді. Стандарттардың сақталуы – өндірушіге деген сенімді арттыраып, тұтынушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Осының аясында қалған өнім үлгілері әрбір бөлікке мән беріп, оны ескеру қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Екі тілдің бірінде ақпараттың болмауы немесе қаптамада белгілердің толық көрсетілмеуі сияқты бір қарағанда ұсақ-түйек саналатын жайттар – тұтынушылар үшін кері әсердің, ал өндірушілердің беделі үшін жағымсыз салдарлардың көзі болуы мүмкін.

"МОТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушысы Жанна Биятан бұл жағдай туралы: "Дұрыс таңбалама тек заң талаптарын орындау ғана емес, тұтынушыға өнім туралы толық хабарлама бере отырып, саналы таңдау жасауына жол ашу. Біздің қауымдастықтың міндеті – заңбұзушылықтарды табу ғана емес, кәсіпкерлерге өз өнімдерін қауіпсіз әрі нарықта бәсекеге қабілетті ету жолдарын ұсыну. Стандарттарға сәйкестік – өндіруші мен тұтынушы арасындағы сенімділіктің кілті" деген өз ойын алға тартты.

Барлық стандарттарды сақтау – бұл жай ғана конвенция емес, сонымен қатар тұтынушыларға қамқорлық және олардың құқықтарын қорғау. "Каспийская" майшабағы жағдайында біз дұрыс көзқарас брендке деген сенімді нығайта түсетінін көреміз. Басқа өнім үлгілеріндегі мысалдар арқылы таңбаламадағы кішігірім бұзушылықтардың өзі тұтынушы көкейінде күмән тудыруы мүмкін екенін айғақтайды.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: