Әлемге әйгілі Chicco бренді Алатау қаласында өз өндіріс орнын ашады
Сурет: видеодан алынды
Италиялық Chicco бренді Қазақстанда өз өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында орналасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өзінің жаңа Instagram-дағы парақшасында жазды. Оның айтуынша, UNITED HYGIENE зауытының базасында Chicco маркасымен балалар жөргектері мен ылғал сүлгілер шығарылады.
"Халықаралық брендтің келуі – шетелдік инвесторлардың өңірге деген жоғары сенімінің көрінісі. Алатау қаласы әлемдік компаниялар өз болашағын көретін өндірістік орталыққа айналуда", – деді облыс әкімі.
Жобаның жалпы құны - 10 миллиард теңге. Оның жүзеге асырылуы нәтижесінде 200–250 жаңа жұмыс орны ашылады.
Зауыттың сапалы өнімдері ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Ресей, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан елдеріне экспортталатын болады (экспорт үлесі – 50%).
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл жоба өңір экономикасын нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript