Жаңалықтар тізбегі
0

Кадр даярлауға кәсіпорындар да кірісіп жатыр

ҚР Білім және ғылым министрлігі, кәсіпорын, кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 10:01 Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты оқытуды енгізіп жатыр. Студент колледжді бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомсвто биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланғанын мәлімдеді.

Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Яғни белгілі бір мамандарға өтінім беру арқылы кәсіпорын өз өндірісіне сай дайындалған кадрларды алуға мүмкіндігі болады. Кәсіпорын колледж – студент – кәсіпорын үшжақты келісімшартына отырғаннан кейін оқуын аяқтаған студентті жұмысқа орналастыруға міндетті болатынын айта кетейін.ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова

Білім және ғылым министрлігі мұндай ынтымақтастық тек студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ мұғалімдер үшін де тиімді екенін атап өтті. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін педагогтер серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өте алады. Оқу нәтижесі бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.

Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де нысаналы тапсырыс беріледі. Оларға мамандықтар тізімі бөлініп, түлектердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: