Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл ауыл мектептеріне 515 жаңа автобус беріледі

ҚР Білім және ғылым министрлігі, автобус, оқушы, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 16:11 Сурет: Қарағанды қаласы әкімдігі
Балалар жылы аясында еліміздің ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады. Бұл балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе мектептері жоқ шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар автобуспен қамтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім министрлігі балаларды автобуспен қамтамасыз етуді қаржыландыру әкімдіктерге бөлінетінін атап өтті.

Биыл өңірлер мектептерін балаларды тасымалдауға арналған жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады.ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, қазіргі күні барлығы 1 000-нан астам мектеп автобусы қатынайды. Қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған жаңа автобустар сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, балаларды тасымалдауда барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сатып алынатын көліктерге қойылатын техникалық талаптар әзірленіп, белгіленген.

Бұл 20-40 жергілікті автобус болуы керек, себебі ауылдарда көбіне жол жоқ. Онымен қоса, көліктер қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруды болдырмайтын жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық шығумен жабдықталуы керек. Дулат Жекебаев

Сонымен қатар балаларды мектеп автобусымен тасымалдау кезінде мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер алып жүруі қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: