«Соңғы қоңырау» тек үздіктер үшін. Көкшетау әкімдігі түсінік берді
Сурет: Zakon.kz
№ 2 орта мектеп оқушыларының ата-аналары соңғы қоңырау тек үздік оқушылар үшін өткізу мәселесі талқыланып жатқанын естіген. Мәселенің анық-қанығын білу үшін олар әлеуметтік желі арқылы оқу орнының әкімшілігіне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонда бұл қалай болғаны? Егер біздің балалар үздікке шықпаған болса, "соңғы қоңырауға" лайық емес пе? "Үздік емес оқушылар" арасында спортта жетістікке жеткен балалар өте көп, түрлі мәдени іс-шараларда мектептің намысын қорғап жүргендер де жетерлік. Неліктен олар соңғы қоңырауға қатысуға лайықсыз? Біз мектеп әкімшілігінен № 2 орта мектеп оқушылары арасында неге мұндай алалауға жол берілгеніне қатысты түсінік беруін сұраймыз. №2 орта мектеп оқушыларының ата-аналары
Алайда, Көкшетау қаласы бойынша білім бөліміндегілер 25 мамырда салтанатты жиындар барлық жалпы білім беретін мектептерде 1-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматта өтетінін жеткізді.
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі басшысының орынбасары мектеп директорымен әңгіме жүргізді. Директор тарапынан мұндай бұйрық болған жоқ. Мектеп басшылығы түсіндіріп өткендей, салтанатты жиынды өткізу мәселесі әлі талқыланып жатыр және бұл ақпарат ата-аналар чатына байқаусызда түсіп кеткен. Ата-аналарға әлі де сынып жетекшілері арқылы ақпарат жеткізіледі. Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript