Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

мектеп оқушылары, соңғы қоңырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 10:49 Сурет: Zakon.kz
Биыл Алматыда мектепті 12 355 түлек бітірді. Оның 613-і «Алтын белгіге», 973-і Үздік аттестатқа үміткер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың 295 мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өтіп жатыр.

Алда үлкен сынақ – мемлекеттік емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы сыннан барлығыңыз сүрінбей өтуге шын жүректен тілектеспін. Алған білімнің арқасында сіздер әлемнің немесе еліміздің кез келген жоғары оқу орнын таңдай аласыздар. Тек Алматының өзінде 36 жоғары орны бар. Таңдаған оқу орындарыңызға түсіп, қалаған мамандық иесі болыңыздар, – делінген Алматы әкімінің түлектерге үндеуінде.

Биыл 26 мамыр мен 17 маусым аралығында білім беру сапасын арттыру және пандемия мен шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында оқушылар үшін қосымша оқыту ұйымдастырылады.

9, 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сай өткізіледі. 9-сыныптарда 28 мамырдан 6 маусым, ал 11-сыныптарда 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. 11-сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады.

Биылдан бастап талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Екі мүмкіндіктің көмегімен тек мамандандырылған пәндердің бір комбинациясын таңдауға болады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: