Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

Биыл 172 мың оқушы мектеп бітіреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 12:58 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады Almaty.tv.

"Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек "Алтын белгіге" үміткер", - деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.

Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев оқу жылының неліктен ұзартылғанын түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: