Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық оқушылар физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында үздік үштікке енді

ҚР БҒМ, олимпиада Сурет: ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Қазақстандық оқушылар физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында 5 медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді. Ұлттық құрама қоржынында 1 күміс және 4 қола медаль бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, еліміздің намысын әлемдік аренада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11 сыныптарының 8 оқушысы қорғады. Олардың барлығы Республикалық физика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында қашықтан форматында өтті. Оған Қытай, Малайзия, Румыния, Ресей, Сингапур, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және т.б. сияқты әлемнің 27 елінің өкілдері қатысты.

Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдерден келген жасөспірімдермен жарысқа түсу мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Жақында ғана оқушыларымыз химия пәнінен 56-Халықаралық Менделеев олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының орынбасары Нұрлан Жұмагелді

Сондай-ақ оқушыларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, үздік үштікке енді.

Физика пәнінен Азия олимпиадасы ең қиын олимпиадалардың бірі болып есептелетінін айта кеткен жөн. Ал біз әлемдік пәндік олимпиадаларда дәстүрлі түрде көшбасшы саналатын елдерді де басып оздық. Оқушыларымыз бес медальмен қоса екі құрмет грамотасына ие болды.«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының орынбасары Нұрлан Жұмагелді

Физика пәнінен Азия олимпиадасындағы жеңіс оқушыларға ұлттық құрамаға енуге және Қазақстанның намысын халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) қорғауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз