Қарағанды облыстық білім басқармасы аттестаттан шыққан шуға қатысты түсініктеме берді
Сурет: nur-sultan.fizmat.kz
Қарағанды облыстық білім басқармасы оқушыларға берілген аттестаттардағы жазуда қате жіберілу жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Қарағандыда №25 жалпы білім беретін мектептің түлектеріне облыс атауы қате жазылған аттестаттар берілген болатын. Қалалық білім бөлімі кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға уәде берді.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық білім басқармасына хабарласты.
Бүгінгі күні техникалық қате жіберілген барлық аттестаттар ауыстырылып, "№25 ЖББМ"КММ түлектеріне қайта берілді. Жіберілген бұзушылықтар үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес мектеп директорының тәртіптік жауапкершілігі қарастырылады. Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Құзырлы ведомстводағылар "бұл жеке-дара жағдай" деп сендірді.
Аттестат нұсқаларының бланкілерін беру кезінде оны жоғалту немесе бүлдірген жағдайда, не толтыру кезінде қателіктер жіберіп, оны ауыстыру қажет болса, онда бланктің құны талап етілмейді. Бұл әрекеттер қолданыстағы нормативтік құжаттарда қарастырылмаған, - деп толықтырды облыстық білім басқармасындағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript