Қазақстанда абитуриенттердің өтінішін қабылдау мерзімі ұзартылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Талапкерлердің өтінішін ескере отырып, білім гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімі 22 шілдені қоса алғанда екі күнге ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжат тапсырған. Өткен жылмен салыстырғанда 88 мың үміткер шекті деңгейден асқан болса, гранттық байқауға 77 мың адам қатысқан. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтіліп отыр.
2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа барлығы 73 мыңнан астам грант бөлінді. Инженерлік, өңдеу саласы, құрылыс бойынша білім беру бағдарламаларына ең көп – 17 794 грант бөлінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript