Алматы облысында мектеп терезелері мен аспа шамдарын сатпақшы болған

Жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 21:29 Сурет: Zakon.kz
Аспа шамдар мен пластикалық терезелердің сатылатыны туралы хабарландыру OLX сайтында жарияланды. Суреттегі Гүлдала кентінің №21 мектебінің ғимараты екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суреттер әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары "мектеп мүлкін сатудан түскен қаражат кімге керек болды екен" деп ортаға заңды сұрақ тастады.

Бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаған Талғар аудандық білім бөлімі түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, білім бөлімінің тапсырысы бойынша бүгінгі таңда ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2022 жылғы 28 наурызда "Еламан" ЖШС-мен шарт жасалған.

Мектеп ғимараты 1967 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы - 900 оқушы орыны. Білім беру тілі – қазақ, орыс, ұйғыр. Осы уақытқа дейін мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп көрмеген. Оқушылар саны – 1 911. Монтаждауға дейінгі жұмыстар аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйымның мәліметінше, хабарландыруды жариялаған адам мердігер ұйымда жұмыс істемейді. Талғар ауданы бойынша білім бөлімі

Бөлшектелген құрылыс материалдарын мердігер ұйым сметалық құжаттамада қамтылатын орындалған жұмыстардың актілерінде растау құжатын ұсына отырып, қоқысқа тастауы керек.

Мердігер ұйым мен тапсырыс беруші тарапынан хабарландыру берілмеген. Қазіргі уақытта жарнамаға қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында ішкі тексеру жүргізіліп жатыр, делінеді хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: