Алматы тауларында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады

тауда дауыл болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 14:14 Сурет: Zakon.kz
20-21 сәуірде Алматының тауларында дауылды ескерту жарияланды. Қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

20-21 сәуірде Алматының таулы аймақтарында найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді, деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, 20 сәуірде Алматыда найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауады, екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейетін жел соғады.

Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ, қатты желдің күшеюі кезінде төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй ішінде болыңыз);

  • егер сіз үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан балкондар мен лоджияларды ашпаңыз, үйіңізге зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;

  • көшеде болсаңыз, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;

  • билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, сондай-ақ үйлердің қабырғаларына тығыла алмайсыз, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін;

  • қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: