Қазнетте оқу жылының басталуы кейінге шегерілгені туралы жалған ақпарат тарады
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде биыл оқу жылы 15 тамызда басталатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпарат жалған екенін жазған Stopfake.kz ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметінен алған пікірді жариялады.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, биыл жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады.
Соның ішінде балалардың 70 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript