Қазнетте қауіпті химикат шашылғаны туралы жалған ақпарат тарады
Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда химиялық заттар шашылып жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр. Хабарламада «бізді өлтіріп жатыр» деген сөз қоса жазылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбадаy жүк көлігі ақ сұйықтық шашып жатқанын көруге болады. Видеоға қатысты stopfake.kz сайтына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді.
Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл масаға қарсы профилактикалық жұмыс екенін айтты.
Мұндай жұмыстарды тұрғындардың өтініші бойынша жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Ол адам денсаулығына әсер етпейді, өйткені барлық қолданылатын дәрілік заттар сертификатталған және өңдеудің барлық талаптары орындалған. Ержан Байтанаев
Айта кету керек, мұндай жалған ақпарат әлеуметтік желіде бұған дейін де жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript