Жаңалықтар тізбегі
0

TikTok-тағы дау туғызған видеоға қатысты мамандар түсінік берді

Министрлік жауабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 19:25 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
TikTok әлеуметтік желісінде орыс мектебіндегі 2-сынып оқушыларына арналған "Қазақ тілі" пәні бойынша жұмыс дәптеріндегі тапсырма туралы ер адамның видеосы көптің қызу талқысына түсті. Видео авторы жұмыс дәптерінде қате бар деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

Жұмыс дәптеріндегі "Менің ас мәзірім" тапсырмасындағы "көгөніс" сөзінің жазылуы ҚР Үкіметі жанындағы Терминологиялық комиссия бекіткен орфографиялық сөздікке сай келеді (Орфографиялық сөз /Алтынша басылым. Құраст.: Н. Уәли, Қ. Күдеринова, т. б. – Алматы, 2013). Оқу басылымының авторлары қолданыстағы орфографиялық сөздікті басшылыққа алғанын ескерте отырып, бұл мәтінде қате жоқ екенін айта аламыз. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының баспасөз қызметі

Сөздіктің сілтемесі мына арада.

Бұған дейін де "көгөніс" сөзінің, сондай-ақ "шегара", "қырғүйек" және басқа да сөздердің айтылуы бойынша жазылуы қоғамда көптеген сұрақ тудырған, өйткені халыққа "к" әрпі арқылы ("қыркүйек", "шекара", "көкөніс") жазу үйреншікті жағдай. Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты екі нұсқаны қатар қолдануға жол берілетінін және оның қате ретінде қарастырылмайтынын бірнеше рет түсіндіріп өткен.

Түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 19:25

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: