Медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығының иегері жарияланды
Ол бұл сыйлықты жойылған гоминдердің геномдары мен адам эволюциясы саласындағы жаңалықтары үшін алды.
Паабоның зерттеулері туралы толығырақ nobelprize желілік басылымынан оқуға болады.
Ғалым неандертальдық адамның ДНҚ тізбегін оқыды. Сонымен қатар Алтайдағы Денисов үңгіріндегі қазбаның бұрын беймәлім гоминид түріне жататынын дәлелдеп, денисовтық адам туралы жаңалық ашты.
Ғалым сонымен қатар неандертальдықтар мен денисовандықтар гендері қазіргі адамдарға берілгенін дәлелдеді. Бұл шамамен 70 мың жыл бұрын, Homo sapiens Африкадан қоныс аударғаннан кейін болды. Бұл ежелгі гендер бүгінгі күні адам денсаулығы үшін маңызды, өйткені олар басқа нәрселермен қатар иммундық жүйеміздің инфекцияларға қалай әрекет ететініне әсер етеді.