Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей журналисі Нобель сыйлығын рекордтық бағаға сатып жіберді

Муратов нобель сыйлығын сатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 14:49 Сурет: flickr
Ресейлік журналист Дмитрий Муратов Нобель сыйлығын аукционға шығарып, 103,5 млн долларға сатып жіберді. Оның Нобель медалі Heritage Auction бәссаудасында рекордтық бағаға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лоттың бастапқы бағасы 550 мың долларды құрады, деп жазады turkystan.kz

«Бүгінгі бәссаудадан түскен қаражаттың барлығын ЮНИСЕФ-ке береміз», – деп хабарлады Муратов аукцион басталар алдында.

Оның айтуынша, аталған ұйым ол қаражатты Польша, Ресей, Германия, Молдавия, Словения, Чехия мен Венгриядағы босқын балаларға көмектесуге жұмсайды.

Егер ЮНИСЕФ сондай шешім қабылдаса және қомақты сома жинай алсақ, олар ақшаның бір бөлігін Африка мен Лаостағы босқын балаларға да береді, – деп мәлімдеді журналист.

Бәссаудаға шығарылған Нобель медалін сатып алуға ниетті адам бірнеше минуттан кейін бірден табылған. Телефон арқылы хабарласқан белгісіз сатып алушы 103,5 млн доллар беруге әзір екенін жеткізген.

Нобель сыйлығын Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Ресса 2021 жылы «демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға» қосқан үлесі үшін иеленген еді. Медальді аукцион арқылы сатқысы келетін ниетін Муратов наурыз айында мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: