Таразда робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті

фестиваль, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 14:46 Сурет: Тараз әкімдігі баспасөз қызметі
Робототехника фестивалі – Тараз қаласында алғашқы ірі роботтандырылған техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың​ форумы.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз білім бөлімінің ұйымдастыруымен ​6 қазан күні қала күніне орай мектеп оқушыларын ғылым мен технологияға шабыттандыру және балалар арасында инженерлік мамандықтардың маңызын насихаттау мақсатында "ROBOFEST" робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалін өткізді.

Сурет: Тараз әкімдігі баспасөз қызметі

Фестиваль барысында оқушылардың өздерінің шығармашылық ізденістері бойынша жасалған роботтар көрмесі ұйымдастырылды. Қазіргі кезде оқушылардың роботқа, техникаға деген қызығушылығы жоғары.​ Фестивальге қатысушы оқушылар арасында Суммо, кегельринг, робо кросс, WeDo роботтар категориялары бойынша өз жалғасын тапты.

Сурет: Тараз әкімдігі баспасөз қызметі

Жарыс қорытындысы бойынша топ жарған командалар жүлделі орындармен марапатталды.

Фестивальге​ қала әкімінің орынбасары Сариев Бақдаулет Жолдасұлы, қалалық білім бөлімі басшысы Қожамжарова Раушан Пернешқызы, БАҚ өкілдері, педагогтер мен мектеп білім алушылары қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: