Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік далада түнеп жүрген студенттер жайлы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 13:40 Сурет: pixabay
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі далада түнеп жүрген студенттер жайлы ролик авторын ведомствоға хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда министрлік көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады. Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана). ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ аталған ведомство еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қоғамдық кеңселері ашылғанын, ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылары жүгіне алатынын ескертеді.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы студенттердің "далада түнеп жүргені" жайлы бейнеролик тарады. Жүгін жинаған студенттер балалар алаңындағы орындыққа жайғасқан. Кейін желіде компьютер клубынан түсірілген видео пайда болды. Видео авторы студенттердің бұл араға жылынып алуы үшін кіргенін айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: