Астаналық оқушылар 12 қаңтарда да мектепке бармайды

Астаналық оқушылар 12 қаңтарда да мектепке бармайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 01:20 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 12 қаңтарда Астанадағы мектептердің бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астананың білім басқармасы хабарлады.

"2023 жылғы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген жазбада.

Астанада оқушылар үшінші тоқсан басталғалы қашықтан оқып келеді.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда да 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11-(12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқуға көшетінін хабарлаған едік. Cонымен бірге Қарағандыда, Семейде де оқушылардың онлайн оқитыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: