Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО Білім басқармасының басшысы: Біз кінәдан жалтармаймыз

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 19:50 Сурет: Zakon.kz
СҚО Білім басқармасының басшысы Назир Жашибеков өңірдегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған шараларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жашибековтың айтуынша, өңірдегі 465 мектепте 9313 бейнекамера орнатылған, ал жедел басқару орталығына 320 мектеп қосылған. 328 мектепте дабыл түймесі бар. 26 білім беру мекемесі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген. 

"Оқушының мектепке қалай қабылданғаны туралы сұрақтар қойылды. Біз "Денсаулық туралы" Кодекске сәйкес, адамның жай-күйі туралы мәліметтер медицина қызметкерінің құпиясы болып табылатынын жақсы білеміз, сондықтан медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді келісімсіз алу тек ресми органдардың, прокурордың, соттың сұрау салуы бойынша мүмкін екені белгілі. Сондықтан мектептегілер баланың диагнозынан хабары болмаған. Ешқандай нормативтік актіде психикалық ауруы бар балаларға жалпы білім беретін мектепте оқуға тыйым салынғаны көрсетілген емес". Назир Жашибеков

Ол кінәдан жалтарып, жауапкершіліктен қашпайтындарын, осы жағдайға байланысты туындаған барлық мәселені моральдық және материалдық тұрғыдан шешу үшін жан-жақты іс-шаралар кешенін өткізуге тырысатындарын да жеткізді. 

13 ақпанда Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде тоғызыншы сынып оқушысы балта және пышақпен сабаққа келіп, үш баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханаға түсті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, шабуылдаушы оқушы күйзеліске ұшырап, дәрігердің есебінде тұрған

ҚР Білім министрлігі Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізілетінін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: