86 оқушы зерттеу жобалары халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды

86 оқушы зерттеу жобалары халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 17:30 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. Білім сайысында Қазақстанның 86 жүлдегері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыты бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

Айта кетері, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді.


"Дәстүрлі Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары халықаралық конкурсының мақсаты – оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау" ,– дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: