Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде енді көліктер арзандайды ма - сарапшылар пікірі

Сарапшылар пікірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 23:55 Сурет: pixabay
Елімізде автокөлік саудасы тоқтап тұр. Көлік сатып алмақ болғандар да, сатуға ниет еткендер де утилизациялық алым көлемінің нақтыланғанын күтуде. Сарапшылар да түрлі бағаны айтып болжам жасап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірі Еуропа мемлекеттеріндегі алымды негізге алып, 100 мың теңгеден асырмайды десе, екіншілері нақты бағасын айтуға «әзір ерте» деген ұстанымда. Дегенмен утильалымының құны бұрынғыдай болмасы анық. Сарапшылардың кейбірі Еуропа елдеріндегі деңгейде болады деп болжайды. Биліктегілер бұл нұсқаны құптар болса, онда алым 100  мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.     

Алым құны азаяды. Бұрын тек жекеменшік компания ғана бақылауға құқылы болса, қазір мемлекеттің қадағалуына көшті. Енді еуропалық стандарттар бойынша жүретін болса жақсы болар еді. Соған үміт артып отырмыз. Семей әуесқой автомобильшілер бірлестігінің төрағасы Болат Жүнісбеков

Сарапшылар алымды неліктен 100 мыңнан асырмай есептеп отырғанын жіліктеп айтып беруге әзір. Ал бұған дейін утилизациялық алым құнынын соншама қымбаттатып, қайдан алғанын түсінбей дал.

Бір автокөлікті құрастыруға орташа есеппен 500-700 келі металл кетеді. Қазіргі нарықтағы бағамен есептсек, оны 50-60 мың теңгеге тапсыруға болады. Одан бөлек, өзге құралдарын өткізе алады. Жүрмейтін көліктің өзінен 100-150 мың теңге ақша шығады. Утилизациялық алымға осы құнды белгілесе болғаны. Одан асыруға болмайды. «ОСА» ҚБ өкілі Василий Климаков

Қазір Қазақстан жолдарында ескі-құсқы көліктер жосып жүр. Сарапшылар алты жыл бұрын осы утилизациялық алым пайда болғалы жаңа көлік алуға жұрттың қалтасы көтермей қалғанын айтады. Салықтың құны көліктің бағасына пара-пар болған. Ақыры көрші елден, оның ішінде Ресейден әкелуге мәжбүр. Онда да елде мемлекеттік тіркеуге өткізбей, шетелдік нөмірмен жүреді. 

Қазір біздегі жағдай қандай? Ескі-құсқыны жинап жолды көлік қоқысына айналдырдық. Көбісі 15-20 жыл бұрын шыққан көлік мініп жүр. Бұл масқара! Көлік құнының тең жартысы утилизациялық алымды құрайды. Оның бағасы бір жарым миллионнан төрт миллион теңгеге дейін жетеді. Экономист Айдан Әлібаев

Солтүстіктегі көршімен іргелес Ақтөбе облысындағы әрбір екінші көлік Ресейдің мемлекеттік нөмірімен жүр. Сол елден арзанға жеткізілгенімен, ол да ескі. Утилизациялық алым құны арзандаса жаңа көлік таңдауға да мүмкіндік туар еді дейді жүргізушілер. Елдегі тіркеусіз көліктер азаяды деп отыр. 

Менің өзімде де Ресей есепте тұрған көлік. Бірақ қамсыздандыру полисімен жүрмін. Қазір көбісі дайын ақшасын төлеп рәсімдейді. Бірақ ең басты мәселе, сол қолжетімді рәсімдеуге ақша төленетін болса, онда бәрі тіркей бастайды. Көлік саудалаушылар да, сатып алушылар да әліптің артын бағып отыр.  Кәсіпкер Амантай Тәжікенов

Утильалымның бағасы қандай болады?» деген сұрақ бәрін толғандырады. Құны арзандайды деп алақанын ысқылаған көпшіліктің үміті ақтала ма, ол әзірге белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: