Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да Бизнесті қорғау жөніндегі 2022-2023 жылдарғы Жол картасына қол қойылды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 19:46 Сурет: БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиевтің төрағалығымен Бизнесті қорғау жөніндегі форум өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (бизнес-омбудсмен) Рустам Жүрсінов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің бұл кездесуі – мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық ашық бірлескен диалогқа дайын екендігінің тағы бір дәлелі.

Форумның тақырыбы Мемлекет басшысы қойған міндеттер болды.

Форумда мемлекеттік құрылымдардың бизнесті негізсіз тексерулерінен, оған келтірілетін кедергілерден және қылмыстық, әкімшілік және азаматтық сот ісін жүргізуге тартылуынан көрінетін кәсіпкерлер құқығын бұзу фактілері талқыланып, көрсетілді.

Форум қорытындысында прокурорлар мен мемлекеттік органдарға алдағы уақытта бизнес үшін жағымсыз салдарлар туындағанға дейін шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге баса назар аудару бойынша нақты міндет қойылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов прокуратура органдарымен тиімді ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің бірқатар мәселелерін (жер, құрылыс, рұқсат құжаттарын алу) айтып, оған аумақтық прокурорлардың қосылуын сұрады.

Форум соңында бизнесті қорғау жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен Жол картасына қол қойылды.

Жол картасына бизнестің жүйелі проблемаларын шешу, атап айтқанда, кредит беру, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлерді негізсіз қудалау фактілерінің жолын кесу және оларды қылмыстық сот ісін жүргізу орбитасына тарту, сондай-ақ басқа да бағыттары бойынша мәселелер енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: