«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-на 9,3 млн теңге айыппұл салынды

Павлодар облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2021 11:26 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабының талаптары, оның ішінде реттелетін қызметтерге қол жеткізуді ұсыну талаптары бұзылды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру жүргізудің құқықтық негізі Павлодар облыстық мәслихатының депутаты П.И. Ярошенконың «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның әрекетіне қатысты өтініші болды.

Тексеру аясында бірқатар бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

  • Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайларда шешімдердің көшірмелері мен дәлелді негіздемелерді уәкілетті органға ұсынбау бөлігінде, Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының         2-тармағының 4) тармақшасын бұзу;

  • табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзу;

  • табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия субъектісі желілерінің резерві, бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының бар-жоғы, өткізу қабілеті туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыру міндетін сақтамаудан көрінген, Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 21) тармақшасын бұзу.

Анықталған бұзушылықтар нәтижесінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл 9,3 млн теңгені құрады.

Субъекті әкімшілік айыппұлды өндірісті қысқартылған тәртіпте төледі.

Бұдан басқа, субъектінің атына бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: