"Таразэнергоорталық" АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды

taraztec.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 14:56 taraztec.kz
Табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүргізген талдау нәтижесінде, "Таразэнергоорталық" АҚ-ның тарапынан бекітілген тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Жоғарыдағының негізінде, Департамент "Таразэнергоорталық" АҚ-на қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, 1600 АЕК мөлшерінде, яғни 4 667 200 (төрт миллион алтыжүз алпыс жеті мың екі жүз) тенге әкімшілік айыппұл салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: