Жаңалықтар тізбегі
0

Азық-түлік бағасын төмендету үшін тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі

Тауар өндірушілерді қолдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 23:53 Сурет: Zakon.kz
Азық-түлік бағасын төмендету мен тұрақтандыру мақсатында тауар өндірушілерге және бизнес субъектілеріне қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол атап өткендей, сауда тізбегі өндіруші-логистика-дүкеннен тұрады. Әрқайсысының маржасы 10% минималды деңгеймен шектелген. Бұл ретте, әрқайсысы өтелуі керек шығындарды көтереді.

Сонымен қатар, өткен жылғы құрғақшылық, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер бағасының күрт өсуі өндірушілердің қосымша шығындарын тудыруда.

Өндіруші өндіріс құнынан төмен сата алмайды. Халықтың 40%-ы ауылда тұрады және қаланы тамақтандырады. Бағаны өндірістен төмен түсірсек біздің фермерлер – ауыл тұрғындары табыссыз қалады деген қауіп бар. Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев

Егістік алқаптан қалаға дейін жеткізу – бұл да шығын: ЖЖМ, автокөліктің амортизациясы және т.б.. Дүкенде, мысалы, бұл электр энергиясына, жалға алуға және қызметкерлердің жалақысына арналған шығындар. Сондықтан бағаны ұзақ уақытқа белгілеу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және сату саласында жұмыс істейтін барлық адамдарға зиян тигізеді.

Барлық факторларды ескере отырып, мемлекеттік органдар нарықтық тетіктерді қолдану арқылы бағаны тұрақтандыру және тауар өндірушілерді қолдау арқылы бағаны төмендету бойынша жұмыс жүргізуде.

Осыған байланысты, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, оның ішінде ерте пісетін көкөністер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндіру үшін «Кең дала» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен фермерлерге 140 млрд.теңгеге дейін жеңілдікпен кредит беруді ұлғайту пысықталуда. Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде.

Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін импортты алмастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Баға белгілеудегі қазіргі проблемаларды жүйелі шешу үшін Министрлік 24 объектіден тұратын КТО желісінің инфрақұрылымы түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

Атап өтілгендей, мақсат 24 көкөніс қоймасын салу емес, өндірушіден бөлшек саудаға дейін толық циклді жүйелік инфрақұрылымды құру болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: