Жаңалықтар тізбегі
0

Алдағы үш жылда халықты азық-түлікпен қамту жоспары әзірленді

Көкөніс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 15:37 Сурет: pxhere
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Жоспарда мына мақсаттар көзделген:

  • Тамақ өнімдеріне қолжетімділік. Нысаналы индикатор: Отандық азық-түлік өнімдерімен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан кем емес.

  • Азық-түлік өнімдеріне экономикалық жағынан қолжетімділік. Нысаналы индикатор: Азық-түлік өнімдерін сатып алуға 30%-дан артық шығын шықпайды.

  • Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі. Нысаналы индикатор: Халықтың азық-түлік тауарларының сапасына қанағаттану деңгейі 80%-дан кем болмауы керек.

Аталған мақсаттың әрқайсына қол жеткізу үшін шаралар әзірленді. Мысалы, нарық жағдайын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін, мал басы мен мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, сонымен бірге жаңа резервтерді анықтау (суармалы жерлерді, органикалық заттарды кеңейту) жоспарланып отыр.

Жоба 24 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: